Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
«Салтанат» ясли-бақшасы КМҚК
Атырау облысы Білім беру басқармасының Жылыой ауданы білім бөлімі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
«Салтанат» ясли-бақшасы КМҚК
Атырау облысы Білім беру басқармасының Жылыой ауданы білім бөлімі

«ОТБАСЫ МЕН БАЛАБАҚША АРАСЫНДАҒЫ ЗАМАНАУИ ЖҰМЫСТАР

НАЙЗАБЕКОВА

Тогжан Кушербайқызы,

КМҚК «Салтанат» ясли бақшасының

меңгерушісі.

Отбасында баланың жеке тұлғалық қасиеттерінің негізі қаланады. Бала бұл жерде өзінің орнын ұғынып, отбасындағы қарым-қатынастың тәртіптік ережелерін меңгереді, өзіне жақын адамдарымен бірге болады. Бала балабақшаға келген соң,  мұнда отбасындағыдай емес, айналасындағы басқа әлеуметтік қатынастардың жаңа әлемі туралы ұғым пайда болады. Балабақшаның негізгі қызметі балалардың дамуы мен мінез-құлқындағы проблемаларды ретіне келтіру, отбасыларына педагогикалық көмек және қолдау көрсету.  Балабақша мен ата-аналардың әрекеттестігі сенім мен өзара құрмет ахуалында өтетін болса, мұндай көмектің тиімді болуы да ықтимал. Біріншіден, балалар ұжымына ерте жастан үйренсе, өсе келе барынша емін-еркін, адамдарға жақын болып өсетінін, түрлі жағдайда құрдастарымен еркін араласа алатынын, өз қылықтары үшін барынша дербес және жауапты болатынын ата-аналар түсінеді. Екіншіден, ата-аналар балабақшадағы тәрбиешілердің өз жұмысын жеңілдетуге ұмтылып, балалардың еркіндігі мен мүдделеріне қысым жасауы  мүмкін деп те қауіптенеді. Сондықтан көптеген ата-аналар баланы  балабақшаға  беру туралы шешім қабылдай отырып, ең алдымен қызметкерлердің біліктілігін, деңгейлерін бағдарлайды. Ата-аналардың өз баласының тәрбиесімен айналысатын тәрбиешілер туралы толық мағлұмат  білуі маңызды. Олар қандай адамдар, балаға ұнай ма, сенім тудыра ала ма? Бала бұл адамдармен ынтымақтасуды қалай ма? Оларды тыңдай ма? Олар өз мамандықтарының білікті маманы ма? Олар балаға қандай білім бере алады? Балабақшаға барған бала кейін мектепке баруға қаншалықты дайын болады? Тәрбиеші бала қабілетін дамытып, оның оқу қызметіне деген қызығушылығын оята ала ма? Мұндай мүдделілік мектепке дейінгі балалар мекемесі ұжымының ата-аналармен шығармашылық одағын дамыту үшін тамаша негіздеме болады. Тек қана тәрбиешілер ғана емес, сондай –ақ әкімшілік,  психологтар, музыка пәнінің қызметкерлері де ата-анамен байланыста ашық болуы керек. Мұндай ынтымақтастық балаға тәрбие мен білім беру жұмысының  тиімділігін арттыру үшін, ата-ананың сәбиін тәрбиелеуде қателіктер жіберуіне жол бермеу үшін қажет. Балабақша мен ата-аналар арасындағы өзара байланыстың тиімділігі тікелей ұжымның ауызбіршілігіне байланысты болады. Сондықтан біз ұжымның  қызметін сипаттайтын негізгі параметрлерді анықтауға мүмкіндік беретін ата-аналармен жұмыс түрлерін көрсетеміз. Ол жұмыстар тәрбиешілер мен педагогтардың ата-аналармен өзара әрекеттестігін ұйымдастырудың заманауи түрлері болып табылады.

Ақпараттық талдау. Ата-аналардың мүдделерін, қажеттіліктерін, сұраныстарын, олардың педагогикалық сауаттылық деңгейін анықтауға, педагогтар ата-аналар және балалардың арасындағы эмоционалдық қарым – қатынасты орнатуға бағытталған.

Қарым-қатынас түрі: Әлеуметтік сауалнамалар. Қиындылар. Тесттер. Пошта жәшігі. Ақпараттық себеттер.

Бос уақытты ұйымдастыру. Педагогтар мен ата-аналар арасында, ата-аналармен балалардың арасында жылы сенімді қарым-қатынас,  эмоционалдық байланыс орнату. Мерекелік шараларды бірлесіп өткізу, ата-аналар мен балалардың көрмелерге қатысуы. Ата-аналармен бірге өтетін спорт мерекесі. «Дог-шоу». «Отбасылық театрлар».

Танымдық. Ата-аналарды мектепке дейінгі жастағы балалардың жас және психологиялық ерекшеліктерімен таныстыру. Балаларды тәрбиелеудегі тәжірибелік дағдырларды қалыптастыру.

Қарым- қатынасты жүргізу түрі: Семинарлар. Педагогикалық брифинг. Педагогикалық қонақ үй. Дәстүрден тыс жиналыстар, кеңестер өткізу. Ауызша педагогикалық журналдар. Педагогикалық мазмұндағы ойындар. Ата-аналарға арналған педагогикалық кітапхана. Көңілді тапқырлар клубы. «Ғажайыптардың педагогикалық алаңы». «Не? Қайда? Қашан?». Дөңгелек  үстел. Ток шоу. Сенім телефоны. Викториналар.

Көрнекі-ақпараттық таныстыру түрлері. Ата-аналарды балабақша жұмысының ерекшеліктерімен , педагогтармен таныстыру. Мектепке дейінгі білім беретін мекеме қызметі туралы теріс пікірлері. Баланың дамуы мен тәрбиесінің ерекшелігі жөніндегі ата-аналардың білімін кеңейту.

Қарым-қатынасты жүргізу түрі: Ашық сабақ бөлімдері. Сабақтарды және балалар қызметтерлерінің түрлерін ашық қарау. Бала жұмыстарының ата-аналарға арналған жұмыстардың көрмелерімен балабақшаның тыныс- тіршілігі туралы бейне-роликтер мен газеттер шығару. Отбасылық педагогиканың мәселелері жөніндегі кітапхана ұйымдастырып заманауи технологияларды пайдалану. Ақпараттық қызметтер. Жылжымалы папкалар. Тақырыптық жұмыстар. Ата-аналармен осындай жұмыстар жүйелі жүргізілсе олардың балабақшаға деген оң көзқарастары қалыптасып, түрлі іс-шаралардың белсенді мүшелеріне айналады.